UFC 314 турнирінің тікелей трансляциясы

UFC 314 турнирінің тікелей трансляциясы

Жексенбіге қараған түні, 13 сәуірде, АҚШ-тың Майами қаласында (Флорида штаты) аралас жекпе-жектен UFC 314 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты кездесуінде жартылай жеңіл салмақта титулды жекпе-жек жоспарланған. Бұл жекпе-жекте ұйымның бұрынғы чемпионы Александр Волкановски мен дивизион рейтингінде үшінші орында тұрған Диего Лопес кездеседі.

Жекпе-жекте жартылай жеңіл салмақтағы бос UFС чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

Кештің тағы бір басты кездесуінде жеңіл салмақта UFC чемпиондық титулға бұрынғы үміткер америкалық Майкл Чендлер мен UFC рейтингінің 12-сатысындағы англиялық Пэдди Пимблетт күш сынасады.

Турнирдің Қазақстан уақытымен 03:00-ге басталады, ал басты кард 05:00-ге жоспарланған. Тікелей трансляцияны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или