Умар Нұрмагомедов Петр Янның шақыруын қабылдады
UFC-де өнер көрсетіп жүрген ресейлік файтер Умар Нұрмагомедов отандасы Петр Янның жекпе-жекке шақыртуына жауап берді. Бұған дейін Ян әлеуметтік желіде Умарды октагонға шақырып, уақыт жоғалтпай, титул үшін таласуға дайын екенін жазған еді.
«Кеттік! Мен чемпиондық белдік үшін айқасқым келеді. Қазір топ-5 пен топ-10-дағы жігіттердің бәрі бос емес. Жарты жыл күтіп отырғым келмейді. Умар, жарақаттарың жазылып қалған шығар деп үміттенем. Бастайық», – деген болатын Ян.
Оған Нұрмагомедов та көп күттірмей нақты жауап қатты: «Шақыртуға таңғалдым, бірақ қуаныштымын. Қазан айы, Абу-Даби – жарайды, кеттік!» – деп жазды Умар.
Айта кетейік, Петр Ян кәсіпқой мансабында 18 рет жеңіп, 5 рет жеңілген. Ал Умар Нұрмагомедовтің есебінде 18 жеңіс пен 1 ғана жеңіліс бар.