ММА файтері UFC-мен келісімшарт жасаса алмаса, боксқа ауысуы мүмкін екенін айтты

ММА файтері UFC-мен келісімшарт жасаса алмаса, боксқа ауысуы мүмкін екенін айтты

Жақында бірінші раундта Резниковты нокаутқа түсірген Юсуф Раисов аралас жекпе-жектердегі болашағы және UFC-ге ауысу мүмкіндігі туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Раисов карьерасындағы басты қозғаушы күш ақша емес екенін атап өтті. Ол АСА-дан кету шешімін UFC-ге ауысуға дайын екенін сезінгенімен байланыстырады.

«Ақша менің жекпе-жекке шығудағы басты мотивациям емес. Егер мен UFC-ге ауысуға дайын болмасам, АСА-дан кетпес едім. Мен АСА-дағы жігіттерге айтып, олар менің гонорарымды қазіргіден де көбейтіп берер еді», — деді Юсуф.

Раисов карьерасында жетістіктерге жеткеніне қарамастан, Ресейде жекпе-жекке шығу үшін жеткілікті мотивацияны сезінбейтінін және UFC-де үлкен табыстарға ұмтылатынын айтты.

«Маған мотивация керек — бұл басты нәрсе. Ал бүгінгі таңда, Ресейде мен мотивацияны көрмеймін», — деді ол.

Юсуф UFC-ді негізгі мақсаты ретінде атап, егер ол бұл ұйымға өтпесе, бокста өнер көрсету мүмкіндігін де жоққа шығармайтынын жеткізді.

«UFC-де өнер көрсеткім келеді! Егер ол жерде болмаса, онда мен MMA-ге оралатыныма күмәнданамын. Мүмкін, боксқа көшермін, көреміз», — деді Раисов.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или