UFC on ESPN 64 турнирінің толық карды жарияланды

29 наурызда Мексикада UFC on ESPN 64 турнирі өтеді. Кештің басты эекпе-жегінде жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Брэндон Морено Стив Эрцегпен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Назарларыңызға турнирдегі барлық жұптардың тізімін ұсынамыз:
Неігзгі кард:
Брэндон Морено — Стив Эрцег
Мануэль Торрес — Дрю Добер
Джо Пайфер — Келвин Гастелум
Рауль Росас — Винс Моралес
Давид Мартинес — Саймон Оливейра
Кевин Борхас — Роналдо Родригес
Алдын ала кард:
Эдгар Чайрес — Си-Джей Вергара
Хосе Медина — Атеба Готье
Кристиан Родригес — Мелкизаэл Коста
Джулия Поластри — Лупи Годинес
Рафа Гарсия — Винс Пичел
Даниэль Целльхубер — Габриэль Миранда
Маркель Медерос — Остин Хаббард
UFC on ESPN 64 турнирі 30 наурызға қараған түні өтеді. ММА кеші Мексиканың Мехико қаласындағы «Arena CDMX» спорт аренасында ұйымдастырылады. Шоу прелимдері Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады. Негізгі кард 04:00-ге жоспарланған.