Мераб Двалишвили соңғы жылдары кездескен қарсыластары жайлы пікір білдірді

UFC-дің жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы Мераб Двалишвили соңғы жылдары кездескен қарсыластары жайлы пікір білдіріп, кімнің ең мықты, ал кімнің ең әлсіз болғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Грузиялық файтердің айтуынша, оған ең көп қиындық тудырған қарсылас — бұрынғы чемпион, бразилиялық Жозе Альдо. Ал үздік үштікке ресейлік Пётр Ян мен америкалық Генри Сехудо енген. Тізімді Умар Нурмагомедов түйіндеді.
Айта кетейік, Мераб пен Умар арасындағы жекпе-жек қаңтар айында өткен UFC 311 турнирінде болды. Бәсеке толық үш раундқа созылып, грузиялық спортшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Бұл жеңіліс Умар Нурмагомедов үшін кәсіби мансабындағы алғашқысы болды. Жас файтерден үлкен үміт күтілгенімен, Двалишвилимен айқас оның әлі чемпиондық деңгейге жетпегенін көрсетті.