Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы рейтинг жаңартты

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы рейтинг жаңартты

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) спортшылар рейтингінің жаңа нұсқасын ұсынды, деп жазады Prosports.kz.

Үздік үштік өзгеріссіз қалды: итальяндық Янник Синнер көш бастап тұр, одан кейін германиялық Александр Зверев және испан теннисшісі Карлос Алькарас.

Қазақстанның ең мықты өкілі Александр Бублик екі сатыға көтеріліп, 80-ші орынға тұрақтады. Александр Шевченко 98-ші орында қалды. Михаил Кукушкин алты саты жоғарылап, 160-шы орынға жайғасса, Тимофей Скатов өз орнын жеті сатыға жақсартып, 175-ші орыннан көрінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или