«Барселона» қақпашысы ауыр жарақаттан кейін жаттығуға оралды

"Барселона" қақпашысы Марк Андре тер Штеген ауыр жарақаттан кейін жаттығуға оралды.
"Барселона" қақпашысы 2024 жылдың қыркүйегінде "Вильярреалға" (5:1) қарсы матчта жарақат алып қалған болатын. Тізесін жарақаттап алған қақпашыға ота жасалған еді.
Diario SPORT хабарлауынша, қалыпқа келу процесі жылдам өтіп жатыр екен.
Сондықтан Марк маусым соңына дейін алаңға шығып қалуы мүмкін.
32 жастағы қақпашы осы маусымда барлық турнирлерде бар жоғы 7 матчқа қатысты.
Айта кетейік, қазір каталониялық клубтың қақпасын Войцех Щенсный күзетіп жүр. Ол Марк Андре тер Штегенның жарақатына байланысты командаға еркін агент ретінде қосылған болатын
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или