Қазақстан жастар құрамасы Англиямен ойнайды

Швейцарияның Ньон қаласында 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.
Қазақстан U-21 құрамасы D тобына түсті. Қарсыластары – Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра.
Топтық кезең 2025 жылдың наурызынан 2026 жылдың қазанына дейін өтеді, ал қараша айында плей-офф матчтары ұйымдастырылады.
Топ жеңімпаздары мен үздік екінші орын иегері (алтыншы орын алған командалармен ойындар есепке алынбайды) Еуро-2027 финалына тікелей жолдама алады. Қалған сегіз екінші орын иегері плей-офф арқылы соңғы төрт жолдаманы сарапқа салады.
Финалдық турнир 2027 жылдың жазында Албания мен Сербияда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или