Олег Матыцин: «Универсиада Қазақстан халқы үшін мейрамға айналуы тиіс»

Қазақстанға ат басын бұрған Халықаралық студенттер спорты федерациясының президенті (FISU) Олег Матыцин Алматы қаласында 2017 жылы өтетін Қысқы Универсиадаға дайындыққа жоғары баға берді.

Олег Матыцин бастаған FISU делегациясы Алматы қаласына Универсиадаға дайындықты тексеру үшін келген еді. Жиын барысында 2017 жылғы Қысқы Универсиаданы Ұйымдастыру комитеті, ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Дариға Назарбаева және Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекпен кездесіп, алдағы дүбірлі дода туралы ой шертті.

«Жұмыс барлық бағытта атқарылуда. FISU тарапынан Универсиадаға дайындық жұмыстарына ескертуелер жоқ. Бүгін Алматыға қала әкімдігінің атқарушы дирекциясының командасы мен біздің мамандармен байланыста болған Қысқы Универсиада департаментінің басшысы келді», - дейді Олег Матыцин.

Сонымен қатар, FISU басшысы Универсиада Қазақстан халқы мен Алматы қаласының тұрғындары үшін нағыз мейрамға айналуы тиіс екендігін атап өтті.

«Қазақстанда спорттық нысандар көптеп бой көтеруде. Қазақстан Республикасының Президенті, ел Үкіметі, Алматы қаласының әкімдігі спортқа аса назар аударуда. Бұған қарап, спорттық нысандар тек қана халықаралық жарыстарды өткізіп қана қоймай, ел игілігіне берілетінін көруге болады», - деп сөзін қорытты Олег Матыцин.

Айта кетейік, 2017 жылдың 28 қаңтар мен 8 ақпан күндері Алматы қаласында Қысқы Универсиада ойындары өтеді. Дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 55 елінен 2000-ға жуық спортшылар қатысады. Жұмсалатын қаржы, екі есеге қысқартылып 17 млрд теңгені құрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или