ММА. Белал Мұхаммад Шавкат Рахмоновпен қай айда жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

ММА. Белал Мұхаммад Шавкат Рахмоновпен қай айда жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Орта салмақта UFC чемпионы америкалық файтер Белал Мұхаммад дивизион рейтингінде екінші орында тұрған қазақстандық Шавкат Рахмоновпен қашан жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп жазады Prosports.kz.

- Рамазан айынан кейін деп ойлаймын. Мамыр-маусым кезі тамаша болар еді. Өткен аптада Вегаста жаттығуды бастадым. Бұл менің денем үшін жақсы серпіліс болды. 

Шавкат мен секілді қарсыласпен әлі кездеспеді. Менімен октогонға кірсең, бәрі басқаша болады. Жартылай орта салмақта ең мықты файтер екенімді әлемге дәлелдеймін», - деді Мұхаммед MMA Junkie-ге.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммед арасындағы жекпе-жек 2024 жылдың желтоқсан айына жоспарланған болатын, бірақ кейін Белал аяқ сүйегінің инфекциясына байланысты шайқасқа шыға алмады. Шавкат оның орнына Ян Гарримен жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или