Қазақстандық ММА файтері Жаңа жыл қарсаңында Жапония жұлдызын жеңді

Қазақстандық ММА файтері Жаңа жыл қарсаңында Жапония жұлдызын жеңді

Қазақстандық ММА файтері Қаршыға Дәуітбек Prosports.kz сайтына 31 желтоқсан күні Жапонияда өткізген жекпе-жегі туралы айтып берді.

«Жекпе-жекке шығып, ауыр шайқаста жеңіске жеттім. Төрешілер жеңісті бірауыздан маған берді. Барша қазақстандықтарға жеңіс сыйлағаныма қуаныштымын», – деді танымал файтер.

Айта кетейік, 2024 жылдың соңғы күні Дәуітбек (17-3) Жапонияның Сайтама қаласында өткен RIZIN 49: Decade турнирінде жергілікті файтер Рен Сугиямамен (1-2) кездескен болатын. Сугияма бұрын өз салмағында әлемнің үздік бес кикбоксшысының қатарына кірген.

Қаршыға қатарынан тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, 2024 жылғы төрт жекпе-жегінде де жеңіске жетті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или