OCTAGON 68 турнирінің басты жекпе-жегінде Анвар Абдуллаев жеңіске жетті
Ташкентте өткен OCTAGON 68 турнирінде кештің басты жекпе-жегінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ең жеңіл салмақта уақытша белбеу иегері азербайжандық Фарид Алибабазаде (13-7) жеңіліп көрмеген Өзбекстан чемпионы Анвар Абдуллаевпен (8-0) кездесті.
Алибабазаде салмақ шегін орындай алмады. Егер жеңіске жеткен болса, ұйымның толыққанды чемпионы атана алмас еді.
Жекпе-жек толық бес раундқа созылып, төрешілер шешімімен Анвар Абдуллаев жеңіске жетті.
OCTAGON 69 турнирі 18 қаңтарда өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы Қырғызстандық чемпион Руслан Касымалы уулу (9-0) ресейлік Баир Штепинге (11-6) қарсы титулын қорғайды.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 68 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink