Ташкенттегі OCTAGON 68 турнирінің тікелей трансляциясы

Ташкенттегі OCTAGON 68 турнирінің тікелей трансляциясы

29 желтоқсанда Өзбекстан астанасында Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының 2024 жылдағы қорытынды турнирі – OCTAGON 68 өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шохасан Мирзаматов, Камиль Карате, Азамат «Айдаһар» Нуфтиллаев, Амирхон «Қоқан арыстаны» Алихуджаев, Фазлиддин «Карим» Мадрахимов және басқа да атақты файтерлер қатысатын турнирдің жарқын файткарды ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Танымал өзбек файтері Шохасан Мирзаматов (13-4) бразилиялық Педро Фарриаспен (10-7) реванш өткізеді. Мирзаматов оңтүстікамерикалықтан өткен жолы күтпеген жерден жеңіліс тапқанын кездейсоқтық екенін дәлелдеуге тырысады.

UFC-ге ұмтылып жүрген ауыр салмақтағы өзбек файтері Азамат «Айдаһар» Нуфтиллаев (15-1-1) бразилиялық Фернандо Батистамен (12-8) октагонда күш сынасады.

ТМД аумағында танымал тәжік файтері Камиль Карате жас әзербайжандық Мухамадали Нурусовпен (3-3) жекпе-жекке шығып, көрерменге тағы бір шоу тарту етеді.

«Қоқан арыстаны» Амирхон Алихуджаев (11-4) жеңіл салмақтағы чемпиондық белдікке бір қадам жақындау үшін Элисмар Лимамен (30-12) күш сынасады.

Турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта уақытша чемпион атағының иегері, әзербайжандық Фарид Алибабазаде (13-4-1) мен қазіргі чемпион, өзбекстандық Анвар Абдуллаев (8-0) кездеседі.

Оның алдында Face to face өткен болатын:


Ташкенттегі OCTAGON 68 турнирінің тікелей трансляциясы 29 желтоқсанда Астана уақытымен 17:00-де басталады дәне оны OCTAGON TV ютуб-арнасынан көре аласыздар.


Алдағы турнирге билетті ticket.uz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 65 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или