Шавкат Рахмонованың болашағы туралы қызық жаңалық пайда болды

Шавкат Рахмонованың болашағы туралы қызық жаңалық пайда болды

Қазіргі UFC чемпионы Белал Мухаммад пен қазақстандық Шавкат Рахмонов The Ultimate Fighter телешоуының 33-маусымында бапкер болуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы жағдайға жақын ақпарат көздері хабарлады.

Белал Мухаммад пен Шавкат Рахмонов арасындағы титулды жекпе-жек 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде өтуі тиіс болған, бірақ америкалық спортшы науқастануына байланысты кездесуден бас тартты. Ал «Номад» Мухаммадтың орнына шыққан  Иэн Гэрриді төрешілер шешіммен жеңген еді.

Белал Мухаммад биыл шілдеде Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде ұлыбританиялық Леон Эдвардсты жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленген болатын.

Еске салайық, 32-маусымның бапкерлері Валентина Шевченко мен Алекса Грассо болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или