«Қоқан арыстанының» мерзімінен бұрын жеңіске жеткен сәттерінен видео
OCTAGON лигасы Ташкентте өтетін 2024 жылғы соңғы турнир алдында өзбекстандық файтер Амирхон Алихуджаевтің (11-4) мерзімінен бұрын жеңіске жеткен сәттерінен видео жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
29 желтоқсанда Ташкентте өтетін OCTAGON 68 турнирінде «Қоқан арыстаны» бразилиялық Элисмар Лимамен (30-12) кездеседі.
Сондай-ақ Өзбекстан астанасындағы турнирге танымал жергілікті нокаутшы Шохасан Мирзаматов, ұйымның орта салмақтағы экс-чемпионы Ислом Балтаев, жеңіл салмақтағы рейтингте бірінші орында тұрған Сухроббек Атажанов, танымал тәжікстандық файтер Камиль Каратэ және т.б. спортшылар қатысады.
OCTAGON 68 турнирінің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы чемпион, өзбекстандық Анвар Абдуллаев (8-0) пен әзербайжандық уақытша белбеу иегері Фарид Алибабазаде (13-7) кездеседі.
Алдағы турнирге билетті ticket.uz сайтынан сатып алуға болады
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 65 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink