Антикор басшысына Шавкат Рахмонов қолдау көрсетеді
Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен жыл сайын 9 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні атап өтіледі, деп хабарлайды Prosports.kz
Осыған орай қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов елдегі жемқорлыққа қарсы акцияны қолдайтынын айтты.
Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен UFC 310 турниріндегі жеңістен кейін Рахмонов әлеуметтік желідегі жеке парақшасына Антикордың логотипі бар сурет жүктеп, «Жеңіске бірге жетейік» деп жазды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидің аккаунтын белгілеп, оған жемқорлықпен күресте қолдау көрсетті», - деп жазды агенттік.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде аралас жекпе-жектегі мансабында 19, ал UFC-де 7-рет жеңіске жетті. Сондай-ақ ол қарсыласын алғаш рет мерзімінен бұрын емес, төрешілердің шешімімен жеңді.