Қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 50 орын жоғарылады
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекелей сында рейтингтер кестесінің жаңартылған нұсқасында Жібек Құламбаева алты сәті төмен түсіп, 339-шы орынға тұрақтаса, Зарина Дияс екі саты төмендеп, 388-орынға түсті.
Жұптық сайыс рейтингінде Анна Данилина 22-ші орынды сақтап қалды, ал Юлия Путинцева бір саты төмен жылжып, қазір 110-орынға жайғасты. Құламбаева позициясын үш орынға жақсартты - 150-ші. Ал, Сандуғаш Кенжібаева 50 ұпайға жоғарылап, 621-ші орынға көтерілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или