Қазақстандық теннисші Метцтегі турнирдің екінші айналымына өте алмады
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Метц қаласында (Франция) өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шевченко турнирдің бірінші айналымында неміс теннисшісі Ян-Леннард Штруффтан 6:3, 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды.
Екінші айналымда Штруфф франциялық Корентин Мутеге қарсы ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или