Қазақстан таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медаль жеңіп алды
Чунчхонда (Оңтүстік Корея) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстан құрамасы екінші медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұрәлі Махмұт 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені жеңіп алды.
Махмұт финалдық кездесуде әлем чемпионатының жеңімпазы атанған ирандық Сина Мохтарамиден ұтылды.
Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Азат Бесаев (Ресей) пен Хаожань Тан (Қытай) көтерілді.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрай Қазнабек (59 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или