русский язык
Бокс

Карина Ибрагимованың Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Карина Ибрагимованың Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

2 тамыз, жұма күні қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Парижде (Франция) өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

57 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Ибрагимова пуэрто-риколық Эшлионн Лосада Моттамен кездеседі.

Жекпе-жектің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 23:30-да басталады. Оны «Хабар» телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, 28 жастағы Карина Ибрагимова әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері. Ол 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында күміс, 2018 және 2022 жылдары қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;