Асыл Айтақын еркін күрестен Азия чемпионатының финалына шықты
![Асыл Айтақын еркін күрестен Азия чемпионатының финалына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202404/201131_5cf6dcb0ee3a2221d3eacea89fbb64a3.jpeg?v=28701371)
Қазақстандық балуан Асыл Айтақын еркін күрестен Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
61 келіде бақ сынайтын ол жартылай финалда үндістандық Акаш Дахияны 11:0 есебімен жеңді.
Финалда ол қырғызстандық Тайырбек Жұмашбекұлымен кездеседі.
Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 1 күміс, 1 қола иеленді.
Мейрамбек Қартбай (57 келі) қола жүлде, Ризабек Айтмұхан (97 келі) күміс медаль еншіледі.