Бокс

Олимпиада чемпионы қазақ спортындағы алаяқтық туралы айтты

Олимпиада чемпионы қазақ спортындағы алаяқтық туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

2004 жылғы Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев қазақ спортындағы алаяқтық туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

— Біздің спортта басшылық қызметте спортқа қатысы жоқ адамдар көп. Сіз бұл туралы не ойлайсыз?

– Бұл ешкімге құпия емес. Бұл алаяқтық екенін түсінеміз. Қаржыгерді спортқа қалай тартуға болады? Қаржымен айналысатын адам ешқашан спортшылардың соңынан ермейді. Олfh халықаралық турнирлерге барса да, отбасымен барып, демалады.

Соңғы «қола» Олимпиададан кейін сәтсіз нәтижелер үшін кімді кінәлайтынымызды да білмедік. Тоқаев үлкен қадам жасап, Спорт министрлігіне толық еркіндік беруі керек. Өңірлердегі спортқа кім жауапты болатынын министрлік өзі таңдауы керек. Облыс тек футболды басқаруы керек, ал басқа спорт түрлерін тікелей министрлік бақылауы керек. Спортмен өмір сүретін адам ғана спортпен айналысу керек - деді Артаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер