«Хан-Тәңірі» екі қазақстандық футболшыны қатарына қосты
![«Хан-Тәңірі» екі қазақстандық футболшыны қатарына қосты](https://prosports.kz/upload/news/content//202402/201736_80aec41ee37c1c52a612be6c83673d40.jpg?v=28700647)
«Хан Тәңірі» футбол клубы Нұрдәулет Ағзамбаев пен Әлішер Құсайыновпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нұрдәулет футболдағы мансабын 2017 жылы «Қайрат-Жастар» сапында бастады. Шабуылшының соңғы клубы алматылық «Жас қыран» футбол клубы болды.
Туған күні: 2 маусым 1999 жыл
Бойы: 186 см
Салмағы: 75 кг
Позициясы: Алға
Азаматтығы: Қазақстан
Құсайынов футболдағы мансабын 2022 жылы «Қайрат-Жастар» клубының құрамында бастап, өткен маусымда «Хан Тәңірі» сапында бірінші лигада 10 матч өткізді.
Туған күні: 31 қаңтар 2005 ж
Бойы: 186 см
Салмағы: 64 кг
Позициясы: қорғаушы
Азаматтығы: Қазақстан