русский язык

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Түркия чемпионатына ауысты

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Түркия чемпионатына ауысты

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Түркия Суперлигасының «Адана Демирспор» клубымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Түркиялық клубпен келісімшарт бір жарым маусымға, яғни 2025 жылдың маусым айына дейін есептелген. Келісімшарт тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен жасалды.

«Адана Демирспор» 2021/22 жылғы маусымнан бері Түркия Суперлигасында өнер көрсетеді. Команда Суперлиганың 23-турынан кейін 31 ұпаймен 8-орында келеді.

Айта кетейік, Абат Айымбетов былтыр елордалық «Астана» сапында барлық турнирде 45 матч өткізіп, 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ, ұлттық құрама сапында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде 9 матқа қатысып, 3 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;