Сербиялық қорғаушы «Шахтер» командасында қаралымнан өтіп жатыр
Қарағандылық «Шахтер» клубында сербиялық қорғаушы Филип Стаменкович қаралымнан өтіп жатыр, деп хабарлайды <span> </span>Prosports.kz<span> </span>тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
25 жастағы ойыншының кейінгі клубы өзбекстандық «Металлург» болды. Стаменкович Бекабад қаласының командасы сапында жалпы 5 кездесу өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады.
Футболшы ресейлік «Велес», сондай-ақ сербиялық «Раднички Белград», «Динамо» Вране және «Златибор» сияқты клубтарда өнер көрсеткен.
Айта кетейік, 2023 жылы желтоқсанда Стаменкович қызылордалық «Қайсарда» қаралымнан өткен, бірақ тараптар келісімшарт жасаспады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или