русский язык
Басқа

Қазақстан каратэшілері Парижден үш медаль олжалады

Қазақстан каратэшілері Парижден үш медаль олжалады

Каратэден 26-28 қаңтар аралығында Париж төрінде өткен премьер-лига бәсекесінде жерлестеріміз 3 қола жүлде иеленді.

ҚР Спорт комитетінен мәлім еткендей, 50 келі салмақта Мөлдір Жаңбырбай, 55 келіде Гүлмира Үсенова және +84 келі салмақта Абылай Төлтай каратэден премьер-лига бәсекесінде қола жүлдеге қол жеткізді.

Аталмыш турнирде әлемнің 66 елінен 366 спортшы 10 салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Қазақстандық спортшылардың әлемдік рейтингтегі көрсеткіші:

Әйелдер
2-орын. Софья Берульцева (+68 келі)
3-орын. Мөлдір Жаңбырбай (50 келі)
3-орын. Әсел Қанай (61 келі)
3-орын. Лаура Әліқұл (68 келі)
7-орын. Гүлмира Үсенова (55 келі)

Ерлер
2-орын. Дидар Әмірәлі (67 келі)
3-орын. Қайсар Алпысбай (60 келі)
6-орын. Нұрқанат Әжіқанов (75 келі)
7-орын. Абылай Төлтай (+84 келі)
13-орын. Данияр Юлдашев (84 келі).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;