русский язык
Дзюдо

Гран-при екінші күні: қазақстандық дзюдошылар жүлдесіз қалды

Гран-при екінші күні: қазақстандық дзюдошылар жүлдесіз қалды

Португалияда дзюдодан жылдың алғашқы ресми жарысы Гран-придің екінші күні қазақстандық спортшылар жүлде ала алмады.

73 келідегі Жансай Смағұлов бірінші кезеңде румыниялық қарсыласына, Дархан Қойбаған моңғолиялық Эрденбаяр Батсагаға жол берді.

63 келідегі Эсмигул Куюлова бірінші белдесуде Оңтүстік Корея балуанына есе жіберсе, 57 келідегі Бақыт Құсақбаева екінші айналымда ұтылды.

81 келідегі Мәди Амангелді мен Айбол Нысаналы екінші кезеңнен аса алған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;