русский язык
Күрес

Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатында ел құрамасы іріктеледі

Астана қаласында 1-5 ақпан күндері ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты жалауын көтереді.

Ел біріншілігі даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында өтеді.

Жарыстың күнтізбесі төмендегідей:

Грек-рим күресі

1 ақпан. 55, 63, 72, 82 және 97 келі.

2 ақпан. 60, 67, 77, 87 және 130 келі.

Әйелдер күресі

3 ақпан. 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 келі.

Еркін күрес

4 ақпан. 57, 65,74,86, 92 келі.

5 ақпан. 61,70,79,97, 125 келі.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 1 ақпан күні елорда уақытымен сағат 17.30-да өтеді. Жекпе-жектер күн сайын сағат 10.30-да басталады. Ұлттық біріншілікте еліміздің 17 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан келген балуандар өзара мықтыны анықтайды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;