русский язык
ММА

Джаватов - Сариев жекпе-жегі неге өтпейтіні белгілі болды

Джаватов -  Сариев жекпе-жегі неге өтпейтіні белгілі болды

Ресейлік ММА файтері Ильмиямин Джаватов жеңіл салмақтағы Alash Pride чемпионы титулы үшін қазақстандық Руслан Сариевке қарсы жекпе-жегі неге өтпейтінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен ауырып қалдым. Оның үстіне әжем де өмірден озды... Сариевпен реванш өзекті болып қала ма? Иә деп ойлаймын», - деді Джаватов Legalbet.kz тілшісі Виталий Гетцке.

Джаватов (7-5) пен Сариев (15-2) арасындағы жекпе-жек 28 қаңтарда Шымкенттегі Alash Pride 93 турнирінде өтуі керек еді.

2023 жылы 29 шілдеде Аlash Pride 87 турнирінде Сариевке қарсы жекпе-жек кезінде Джаватов спорттық емес әрекеті үшін жарыстан шеттетілген еді. Жекпе-жек соңында ресейлік спортшы қарсыласын соққыға жығып, қазақстандық спортшы белгі ретінде қарсыласының арқасынан қаға бастаған, бірақ Джаватов Сариевті бірден жібермеген. Жеңіс қазақстандық файтерге берілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;