русский язык

«Ақтөбеге» камерундық ойыншы ауысып келді

«Ақтөбеге» камерундық ойыншы ауысып келді

«Ақтөбе» камерундық қорғаушы Габи Кикимен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«28 жастағы камерундық орталық қорғаушы Габи Кики «Ақтөбе» ойыншысы атанды.

Кики Джуниор мансабын өз отанындағы «Бомс» клубында бастады. Кейін ол «Эдинг Спорт» командасына ауысты.

Содан кейін Габи Беларуссияда - «Днепр» (Могилев), «Динамо Брест» және «Рух» (Брест) клубтарында өнер көрсетті. Беларусь елінде ел чемпионы атанып, Кубок финалына дейін жетіп, екі рет Суперкубокты жеңіп алды.

Кики Молдавия «Шерифіне»ауысып, екі дүркін ел чемпионы, сонымен қатар екі рет Кубок иегері атанды. «Шерифпен» бірге екі рет УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты».

Айта кетейік, Кики «Шериф» сапында екі жылға жуық уақыт ойнап келеді: 2022 жылдың қаңтарында ол Тирасполь клубына белорусиялық «Рухтан» ауысты. Өткен уақыт ішінде ол «Шериф» сапында чемпионат пен Молдова кубогындағы матчтарды есептемегенде 26 Еуропа кубогында ойнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;