Қазақстан Суперкубогы өтетін күн мен орын белгілі болды

Биыл футболдан Қазақстан Суперкубогын шымкенттік «Ордабасы» мен қостанайлық «Тобыл» сарапқа салады, деп жазады <span class="tass_pkg_text-oEhbR tass_pkg_text--serif-zLIfF tass_pkg_text--size_large-7-aW1 tass_pkg_text--font_weight_regular-8xcFQ tass_pkg_text--color_primary-ZbpFA">Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.</span>
Матч 25 ақпанда Анталияда (Түркия) өтеді деп жоспарланған.
Қазақстан Суперкубогы алғаш рет елден тыс жерде өткелі отыр. Бұған дейінгі 16 кездесу еліміздің төрт қаласында, Астана, Алматы, Қостанай және Түркістанда өткен.
Айта кетейік, өткен маусымда «Ордабасы» тарихта алғаш рет ел чемпионы атанды. Ал қостанайлық команда Қазақстан кубогының финалында дәл осы «Ордабасыны» жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или