русский язык
Әлем футболы

«Барселона» бұрынғы ойыншысы Чили чемпионатының командасына ауысты

«Барселона» бұрынғы ойыншысы Чили чемпионатының командасына ауысты

Жартылай қорғаушы Артуро Видаль чилилік "Коло-Коло" футбол клубымен келісімшарт жасасты.

Видаль кәсіби мансабын "Коло-Коло" футбол клубында бастаған. Команда сапында 2006-2007 жылдары өнер көрсетті. "Коло-Коломен" бірге Чили Лигасын үш рет жеңіп алды. Кейін германиялық "Байер" клубына ауысты. Артуро клубқа араға 17 жыл салып оралып отыр. Жартылай қорғаушы осы аралықта "Ювентус", "Барселона", "Бавария", "Интер" сынды командаларда өнер көрсеткен.

Аталмыш клуб 36 жастағы футболшымен бір маусымға жарамды келісімшартқа қол қойды. Артуро Видаль кәсіпқой мансабында 821 матч өткізіп, 145 голмен көзге түсті.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;