Командалық

«Алматы» клубы волейболдан суперкубок иегері атанды

«Алматы» клубы волейболдан суперкубок иегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Петропавл қаласында әйелдердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионаты бірінші турының аясында суперкубок сарапқа салынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Суперкубок үшін матчта биылғы кубок иегері, жергілікті «Қуаныш» пен «Алматы» волейбол командасы алаңға шықты.

Талдықорған қаласында ел кубогі ойындарының финалында Азамат Есімов баптайтын «Қуаныш» алматылықтарды 3:1 есебімен тізе бүктірген еді.

Биыл ел чемпионы «Алтай» құрамындағы негізгі волейболшылар кетіп қалғандықтан, Қазақстан волейбол федерациясының шешімімен суперкубок «Қуаныш» пен «Алматы» командалары арасында ойнатылды.

Бұл жолы бәсеке аса тартысты өрбіді. Бірінші партияда 25:23 есебімен Рафаэль Гилязутдинов жаттықтыратын алматылықтар басым түссе, екіншісінде солтүстікқазақстандықтар есе қайырды – 25:21. Содан кейін «Алматы» қайтадан алға кетті – 25:22. Төртінші сетте «Қуаныш» таразы басын теңестірді – 25:14. Дегенмен бесінші партияда Р.Гилязутдиновтің шәкірттері жеңісті жұлып әкетті – 18:16. Әсіресе, «Алматы» сапындағы кубалық шабуылшы Регла Флавия Мартинез Ортиз тамаша ойнады.

Осылайша, «Алматы» «Қуаныштан» қарымта қайтарып, суперкубокті жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0