Қазақстандық актерді жеңген өзбек файтері Алматыда дебютантпен күш сынасады

Танымал өзбекстандық файтер Одилхон Камолов (3-2) OCTAGON 52 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz
Жеңіл салмақтағы жекпе-жекте оның қарсыласы қазақстандық ММА дебютанты Серікжан Серіков болады.
Еске салайық, былтыр шілде айында Камолов қазақстандық танымал актер, файтер Еркебұлан Тоқтарды (6-3) жеңген болатын. Осы жекпе-жектен кейін файтерлердің реваншы туралы жиі айтылып жүр.
Айта кетейік, 18 қарашада өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде әйелдер арасында жұлдызы жарқырап келе жатқан Аян Тұрсын (4-0) ресейлік Марина Шутовамен (5-2-1) чемпиондық бос белбеуді сарапқа салады.
OCTAGON 52 ивентіне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады