«Мьельбю» футболшысы Анарбековтің ойынына жоғары баға берді

«Мьельбю» футболшысы Анарбековтің ойынына жоғары баға берді

Швецияның «Мьельбю» клубының даниялық жартылай қорғаушысы Йеппе Кьер Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда «Қайраттан» жеңілгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматының Орталық стадионында өткен кездесу алаң иелерінің 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды Еркін Тапалов соқты.

Кездесуден кейін Кьер «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековтің ойынына жоғары баға беріп, оның матч нәтижесіне шешуші ықпал еткенін атап өтті.

«Оның еңбегін мойындау керек. Керемет қақпашы. Менің ойымша, бұл матчтан көптеген оң тұстарды байқауға болады. Дегенмен өзіміз жасаған мүмкіндіктердің кем дегенде біреуін немесе бірнешеуін голға айналдыруымыз керек еді», – деді Кьер Blekinge Läns Tidning басылымына берген сұхбатында

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама