«Елімай» жаңа маусымға дайындық жоспарын жариялады
Семейдің «Елімай» футбол клубы келесі маусымға дайындық жоспарын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маусымаралық үзілісте команда үш оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Алғашқы жиын желтоқсан айында Алматыда өтеді. Ал қаңтар және ақпан айларында команда Түркияның Белек қаласында дайындалады.
Желтоқсандағы оқу-жаттығу жиынына негізгі құрам ойыншыларымен қатар «Елімай» футбол орталығының талантты тәрбиеленушілері де қатысады. Жас футболшыларға өздерін көрсетуге және негізгі құрамға ілігуге мүмкіндік беріледі.
Еске салайық, «Елімай» Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымын алтыншы орынмен аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или