«Қайраттың» бас бапкері «Мьельбюге» қарсы матчтағы жеңіс туралы айтты

«Қайраттың» бас бапкері «Мьельбюге» қарсы матчтағы жеңіс туралы айтты

«Қайраттың» бас бапкері Жора Арутюнян Конференция лигасында швециялық «Мьельбюді» жеңгеннен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sports24kz басылымының жазуынша, Арутюнян Темірлан Анарбековтің керемет ойын көрсетіп, бірнеше мәрте командасын голдан құтқарғанын атап өтті. Бапкер «Аталантаға» қарсы өткен еурокубок матчында қателік жіберген қақпашының сынға ұшырағанын еске салды. Алайда сол кезде оның команданы қанша рет құтқарғанын көпшілік ескермеген.

Сондай-ақ маман клуб тәрбиеленушілерінің мінезі мықты екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Тұяқбаев, Бекболат және Мрынский ұлттық құрамалардан жеңіл жарақатпен оралған. Ал Тапалов қажетті қарқынмен 90 минут бойы ойнай алмас еді.

Арутюнян қосалқы құрамнан алаңға шыққан футболшылардың қорғаныстағы міндеттерін орындап, ойынды өз қақпасынан алыстатуға тырысқанын жеткізді.

Сөз соңында бас бапкер жанкүйерлерге, әсіресе 51-сектордағы жанкүйерлерге алғыс айтты. Команда олардың қолдауын матч бойы сезінген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама