Анарбеков пен Тапалов Конференция лигасының символикалық құрамасына енді

Анарбеков пен Тапалов Конференция лигасының символикалық құрамасына енді

Sofascore статистикалық порталы Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турдың қорытындысы бойынша символикалық құраманы жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қақпасына гол жібермей, жеті сейв жасаған Темірлан Анарбеков ең жоғары – 10 балл алды.

Символикалық құраманың оң қапталдағы қорғаушысы ретінде Еркін Тапалов таңдалды. Оның голы «Қайратқа» «Мьельбюді» жеңуге мүмкіндік берді. Sofascore порталы қорғаушының ойынын 8,3 балға бағалады.

Еске салайық, 26 қарашада өткен «Қайрат» – «Мьельбю» кездесуі алматылықтардың 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Бұл қазақстандық клубтың еурокубоктердің негізгі кезеңіндегі алғашқы жеңісі болды.

Келесі турда «Қайрат» Румынияның Крайова қаласының «Университатя» клубын қабылдайды. Кездесу 10 желтоқсанда өтеді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама