«Барыстың» сырт алаңдағы матчтарға арналған құрамы белгілі болды
Астанада екі матч өткізген «Барыс» Санкт-Петербург – Нижнекамск – Екатеринбург бағыты бойынша сырт алаңдағы кездесулерге аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Елордалық клуб Батыс және Шығыс конференцияларының командаларына қарсы матчтарды келесі құрамда өткізеді:
Қақпашылар: Андрей Шутов, Дмитрий Николаев, Владислав Нурек.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Асетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Матчтар кестесі:
• 27 қараша, 21:30. СКА – «Барыс»
• 29 қараша, 16:00. «Нефтехимик» – «Барыс»
• 1 желтоқсан, 19:00. «Автомобилист» – «Барыс»
Барлық матчтың басталу уақыты Қазақстан уақытымен көрсетілген.