«Барыс» хоккей клубына 27 жыл толды
Бүгін, 26 қарашада Қазақстан хоккейінің көшбасшысы – астаналық «Барыс» клубының құрылғанына 27 жыл толды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клуб ресми түрде 1999 жылдың 26 қарашасында құрылған.
Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде елордалық команда Қазақстан чемпионаты мен Ресей лигаларында өнер көрсетуден Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты қатысушысына дейінгі жолды жүріп өтті. Сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасының базалық клубына айналды.
Қазіргі таңда «Барыс» ҚХЛ-дың Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде сегізінші орында тұр. Қазақстандық клуб 30 кездесу өткізіп, 15 жеңіске жетсе, 15 матчта жеңіліс тапқан. Команданың еншісінде 31 ұпай бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или