Елена Рыбакина әлемнің ең сұлу теннисшілерінің қатарына енді

Елена Рыбакина әлемнің ең сұлу теннисшілерінің қатарына енді

The Topspin Academy теннис қауымдастығы әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакинаны WTA-ның ең сұлу теннисшілерінің тізіміне қосты.

Жарияланым авторлары 27 жастағы спортшының табиғи сұлулығын, сымбаттылығын және жанарының тартымдылығын ғана емес, сабырлы мінезі мен корттағы салқынқандылығын да ерекше атап өтті.

«Оған назар аударту үшін даурығудың қажеті жоқ. Ерекше талғампаздық. Нағыз чемпионға тән аура», – деп жазды The Topspin Academy.

Тарихи 2026 жылғы маусым

Биылғы маусым қазақстандық теннисшінің мансабындағы ең табысты жыл болды:

• «Үлкен дулығаның» екі титулы. Рыбакина қаңтарда Australian Open турнирінде жеңіске жетсе, қыркүйекте мансабында алғаш рет US Open додасының чемпионы атанды. Екі финалда да Арина Соболенконы жеңді.

• Әлемнің бірінші ракеткасы. 14 қыркүйекте Елена алғаш рет әлемдік рейтингтің көшін бастады. Ол маусымды рейтингтің бірінші сатысында аяқтаған Қазақстан тарихындағы тұңғыш және WTA тарихындағы 17-ші теннисші атанды.

• Өзге жетістіктері. Рыбакина маусым барысында 54 жеңіске жетіп, Штутгарт пен Нинбодағы WTA 500 турнирлерінде топ жарды. Сондай-ақ Индиан-Уэллс пен Торонтодағы WTA 1000 додаларының финалына шықты.

Сонымен қатар қазақстандық спортшы WTA нұсқасы бойынша жылдың үздік теннисшісі атағына үміткерлер қатарына енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама