«Реал Мадрид» Карлос Алькарасты тарихи жеңісімен құттықтады
Мадридтік «Реал» футбол клубы испаниялық теннисші Карлос Алькарасты 2026 жылғы ATP қорытынды турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемнің үшінші ракеткасы саналатын Алькарас – мадридтік клубтың жанкүйері. «Реал» теннисшіге арналған құттықтауын X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жариялады.
«Қымбатты Карлос Алькарас, ATP қорытынды турниріндегі алғашқы әрі лайықты жеңісіңмен құттықтаймыз! Бұл – испан теннисі мен сені әрдайым қолдайтын «Реалдың» барлық жанкүйері үшін үлкен қуаныш. Құттықтаймыз!» – делінген клубтың хабарламасында.
Карлос Алькарас ATP қорытынды турнирінің финалында германиялық Александр Зверевті 6:2, 7:6 (9:7) есебімен жеңді.
Осылайша испаниялық теннисші мансабында алғаш рет ATP Finals турнирінің чемпионы атанды.