Янник Синнер Australian Open турниріне қатыспайды
Әлемнің екінші ракеткасы Янник Синнер Финляндияның Турку қаласында оң тізесіне сәтті ота жасатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
24 қараша күні таңертең өткен отаны финляндиялық маман Лассе Лемпайнен жасады. 25 жастағы италиялық теннисшінің емдеуші дәрігері Херберт Шенхубер отаның сәтті өткенін растады.
Ота барысында дәрігерлер мықын-асық жілік трактісін ұзартты. Шенхубердің айтуынша, бұл әдіс тізедегі ұзаққа созылған мәселені шешудің ең тиімді әрі ағзаға аз зақым келтіретін тәсілі болған.
Теннисшінің толық қалпына келуіне шамамен үш ай қажет. Осыған байланысты Синнер 2027 жылғы Australian Open турниріне қатыса алмайды.
Италиялық спортшы соңғы рет 2026 жылдың шілдесінде кортқа шығып, Уимблдон турнирінің жеңімпазы атанған еді. Содан бері ол тізесін хирургиялық араласусыз емдеуге тырысқанымен, емдеу шаралары қажетті нәтиже бермеді.