Янник Синнер Australian Open – 2027 турниріне қатыспайды
Италиялық теннисші Янник Синнер тізесіне жасалған операциядан кейін қалпына келуіне байланысты Australian Open – 2027 турниріне қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Tennis Australia ұйымының атқарушы директоры Эндрю Абдо мәлімдеді. Оның айтуынша, ұйым теннисшінің командасымен байланыста болған. Спортшының өкілдері оның қаңтардағы турнирге қатыспайтынын растаған.
«Біз Янниктің командасымен тұрақты байланыста болдық. Олар жақында жасалған операциядан кейін теннисшінің қаңтарда өтетін Australian Open турниріне қатыспайтынын растады.
Янник Мельбурнде өнер көрсеткенді ұнатады және Australian Open – 2028 турниріне оралуды асыға күтеді. Оның тезірек сауығып кетуін тілейміз және жақын арада корттан қайта көреміз деп үміттенеміз», – деп келтіреді Абдоның сөзін Reuters.
Еске салайық, Синнер 2026 жылдың шілдесінде Уимблдон турнирі кезінде оң тізесін жарақаттап алған. Осыған байланысты италиялық теннисші бірнеше ірі жарысқа қатыса алмай, қазан айында маусымды мерзімінен бұрын аяқтаған. Оның Australian Open турниріне 2028 жылы оралуы күтілуде.