Қазақстандық биатлоншылар әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті

Қазақстандық биатлоншылар әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті

Қазақстандық үш биатлоншы Контиолахтиде өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің жекелей жарысына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтар арасында үздік нәтижені Кирилл Бауэр көрсетті. Ол төрт атыс шебінде екі рет мүлт кетіп, 73-орын иеленді. Александр Мухин 77-орынға тұрақтаса, Асет Дүйсенов 88-орын алды.

Жарыста америкалық Кэмпбелл Райт жеңіске жетті. Германия өкілі Юстус Штрелов екінші, ал норвегиялық Ветле Шостад Кристиансен үшінші орын иеленді.

27 қарашада әйелдер арасында 15 шақырымдық жекелей жарыс өтеді. Контиолахтидегі әлем кубогының кезеңі 29 қарашада аяқталады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама