Зайнутдинов қарашадағы ұлттық құрама ойындарына қатыса алмайды

Зайнутдинов қарашадағы ұлттық құрама ойындарына қатыса алмайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «СЭ» басылымына берген сұхбатында «Бешикташтың» жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов Еуро-2024 іріктеу турнирі аясында Сан-Марино мен Словенияға қарсы өтетін матчтарға қатыса алмайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бактиер алдағы матчтарда Қазақстан құрамасының сапында болмайды. Оның қанша уақыт сыртта болатынын білмеймін. Дәрігерлер әзірге уақыт аралығын айтқан жоқ», - деді Әдиев «СЭ» - ге.

Зайнутдинов Түркия чемпионатының 12-турында «Истанбул Башакшехирмен» өткен ойында жарақат алған болатын. Бас сүйегінен, көзінен және мұрнынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, бұған дейін 25 жастағы футболшы Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Сан-Марино (17 қараша) және Словения (21 қараша) құрамаларына қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасына шақырылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0