Мәскеуде матч кезінде 61 жастағы хоккейші қайтыс болды

news-banner7
mobile-news-top

Хоккейші Мәскеуде әуесқой командалардың матчында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қайғылы оқиға кеше түнде SHL әуесқойлар лигасының «Армата» және «Фаворит» командалары арасындағы ойын кезінде болды.

61 жастағы «Армата» шабуылшысы Михаил Янчишин кенет есінен танып, мұзға құлады.

Куәгерлердің айтуынша, бұл кезде манеждегі дәрігерлер кезекшілікте болмаған, ал келген дәрігерлер ер адамды аман алып қала алмаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0