Әділет Алмат Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әділет Алмат финалға дейін жетті. Шешуші белдесуде ол Жапония өкілі Сотаро Фудзиварамен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша жеңіс жарыс қожайынына бұйырып, Алмат өз салмағында екінші орын алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы дзюдодан кезекті жүлдеге ие болды. Әділет Алматтың күмісі ұлттық құрама үшін осы Азия ойындарындағы дзюдодан үшінші күміс медаль болды.
Бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта Абиба Абужақынова, ал 60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов күміс жүлде жеңіп алған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или