Дзюдошы Куюлова Азия ойындарында тағы да жүлдеге ие болды

Дзюдошы Куюлова Азия ойындарында тағы да жүлдеге ие болды

Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Куюлова Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Куюлова үшінші орын үшін белдесуде Өзбекстан өкілі Маржона Нуруллоевадан басым түсті. Негізгі уақытта есеп ашылмай, жеңімпаз «алтын ұпай» кезеңінде анықталды. Осы сәтте Куюлова вазари әдісін жасап, жеңіске жетті.

Осылайша, Эсмигүл Куюлова Азия ойындарындағы екінші жүлдесіне қол жеткізді. Ол бұған дейін 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында да қола медаль жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или