Қазақстанның 19 дзюдошысы Загребтегі Гран-при турниріне қатысады
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Загребте өтетін Гран-при турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының алдын ала тізімін жариялады. Ел намысын 19 спортшы қорғайды, деп жазады Prosports.kz.
Ерлер құрамына 60 келіге дейінгі салмақта Аман Бақытжан мен Нұрадил Әлжан, 66 келіде Нұрқанат Серікбаев пен Бақытжан Абдурахманов, 73 келіде Данияр Шамшаев енді.
Ал 90 келіде Ермахан Ануарбеков пен Нұржан Бисенов, 100 келіден жоғары салмақта Ерасыл Қажыбаев пен Жантелек Нұртилепұлы татамиге шығады.
Әйелдер арасында Қазақстан атынан Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін), Меруерт Сәрсенова мен Аружан Ережепова (52 келіге дейін), Дана Абдирова (57 келіге дейін), Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін), Ажар Асхат (70 келіге дейін), Екатерина Токарева (78 келіге дейін), сондай-ақ Аида Тойшыбекова мен Камила Берликаш (78 келіден жоғары) өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Загребтегі Гран-при турнирі 13-15 қараша аралығында өтеді. Қазіргі таңда жарияланған тізім алдын ала сипатқа ие және өзгеруі мүмкін.